Қазақстанның оңтүстігінде ЛГБТ-ға мүше 50-ге жуық ер адам жыныстық қатынастан кейін ВИЧ жұқтырған

Автор: Асыл Арман

Жетісу, Түркістан, Қызылорда облыстарындағы жағдай белгілі болды

Фото: istockphoto.com

Түркістан, Қызылорда, сондай-ақ Жетісу облыстарының денсаулық сақтау басқармасы ВИЧ инфекциясын жұқтырғандар туралы мәлімет берді. Аталмыш үш аймақта инфекцияның төмендеуі байқалады. Сонымен қатар, тұрғындар арасында ВИЧ инфекциясы кімдерде жиі анықталатыны белгілі болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Агенттік тілшісінің ресми сауалына жауап ретінде Жетісу облысының денсаулық сақтау басқармасы 2024 жылдың 11 айында өңірде ВИЧ инфекциясының 92 жағдайы анықталғанын мәлімдеді. 2023 жылы – 94 жағдай, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар – 2 жағдай.

Облыстағы ВИЧ инфекциясын жұқтырудың негізгі жолдары:

  • гетеросексуалдық байланыс – 75 жағдай, (2023 жылы – 80 жағдай);
  • гомосексуалдық байланыс – 4 жағдай, (2023 жылы – 3 жағдай);
  • анадан балаға – 2 жағдай, (2023 жылы мұндай жағдайлар анықталған жоқ);
  • инфекцияның қайдан жұққаны белгісіз – 2024 жылы 3 жағдай, (2023 жылы 2 жағдай болды).

Бұл ретте, 2024 жылы ерлер арасында инфекцияның таралуы әйелдерге қарағанда жоғары болды. Ерлерде – 59 жағдай, әйелдерде – 33 жағдай. Ал одан бір жыл бұрын бұл көрсеткіш ерлер арасында 51 және әйелдерде 41 жағдайды құрады.

Түркістан облысының Денсаулық сақтау басқармасы 2024 жылы ВИЧ инфекциясын жұқтырудың 115 жағдайы анықталғанын, жұқтырғандар арасында төрт шетелдік болғанын хабарлады. 2023 жылы аймақта ВИЧ жұқтырғандар саны 130 адамды құрады, олардың арасында басқа елдердің екі азаматы бар.

Олардың 86,5%-ы гетеросексуалдық (99 адам), 9,9%-ы гомосексуалдық байланыс (шамамен 11 адам) арқылы жұқтырған. Ал инъекциялық есірткіні қолданушылар арасында ВИЧ 1,8% анықталды, анадан балаға омырау сүті арқылы инфекция 0,9% жағдайда берілді.

Қызылорда облысының Денсаулық сақтау басқармасы да аймақтағы жағдайдан хабардар етті, онда 2024 жылдың 11 айында ВИЧ-тің 37 жағдайы анықталды.

Инфекцияның негізгі жолдары:

  • гетеросексуалды берілу жолы – 4 адам,
  • гомосексуалды берілу жолы – 32 адам,
  • белгісіз жолмен таралу – 1 жағдай.

Ал 2023 жылдың 11 айында өңірде ВИЧ-тің 44 жағдайы анықталды.

Айта кетейік, осыған дейін Атырау облысында ЛГТБ-ға мүше 21 адам жыныстық қатынастан кейін ВИЧ инфекциясын жұқтырып алғаны, сол сияқты Ақмола облысында 100-ге жуық адамнан аталмыш инфекция анықталғаны хабарланған.