Қостанайда джип жүргізушісі жалған нөмір таққаны үшін қамауға алынды (ВИДЕО)
Иесі осыған дейін жүргізуші куәлігінен айырылғаны белгілі болды
Қостанайда Toyota Land Cruiser жүргізушісі жалған нөмір таққаны үшін қамауға алынып, жүргізуші куәлігінен айырылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Облыстық ПД мәліметінше, 41 жастағы жүргізуші жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері бар Toyota Land Cruiser 100 маркалы көлігін жүргізгені анықталды. Бұған қоса, ол жүргізуші куәлігінен айырылғаны анықталды.
Осы факт бойынша құқық бұзушыға қатысты екі әкімшілік іс қозғалды, оларды сот қарайтын болады.
«Жүргізуші куәлігінсіз автокөлікті басқарғаны үшін оған 20 АЕК (78640 теңге) айыппұл салынады.
Жалған нөмірлер үшін ол бес тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынып, бір жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айырылады. Көлік арнайы автотұраққа қойылды.
Бұл жыл басынан бері төртінші факт, ал өткен жылы полицейлер жалған нөмірлері бар 32 көлікті анықтады», - делінген ПД хабарламасында.