Вич жұқтырғандардың басым бөлігі – ер адам
Ақмола облысы Денсаулық сақтау басқармасының деректеріне сәйкес, өңірде ВИЧ инфекциясы жағдайы жыл өткен сайын нашарлап барады. 2023 жылы аурудың 107 жағдайы анықталды, ал 2024 жылы – 109, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ВИЧ көбінесе ер адамдарда анықталған. Мәліметке сүйенсек, инфекция жұқтырған ер адамдардың үлесі – 63,3%, әйелдер – 36,7%.
Ақмола облысының Денсаулық сақтау басқармасында жұқтырғандардың жасы туралы да айтылды.
«Жаңадан жұқтырғандардың жартысынан көбі 30-49 жас тобына келеді. Ең жасы – 19 жаста, ал ең үлкені – 68 жаста», - деп атап өтті облыстық денсаулық сақтау басқармасы Azattyq Rýhy сауалына жауап ретінде.
Көбінесе аймақта ВИЧ жыныстық жолмен жұқтырылған, бұл – жағдайлардың 80%-дан астамы. Ал есірткі қолдану – жағдайлардың аз бөлігін құрайды.
Айта кетейік, осыған дейін Атырау облысында ЛГТБ-ға мүше 21 адам жыныстық қатынастан кейін ВИЧ-инфекциясын жұқтырып алғаны хабарланған болатын.