30.01.2025, 09:13
Жаңалықтар
Шетел азаматы онлайн алаяқтық жасау үшін Қазақстанға арнайы келген (ВИДЕО)
Күдіктіден екі мыңға жуық sim-карта тәркіленді
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев
Алматы қаласында жалдамалы пәтерде таяу шет елдердің бірінің азаматы қолға түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ІІМ мәліметінше, пәтерді тінту кезінде үш sim-box құрылғысын тапты. Олардың әрқайсысында 32 sim-карта слоты болған. Сондай-ақ түрлі ұялы байланыс операторларының екі мыңға жуық sim-картасы тәркіленді.
Арнайы құрылғылардың көмегімен қазақстандықтарға алаяқтық қоңыраулар жасалған. Шетел азаматы Қазақстанға былтыр желтоқсан айында келіп, алаяқтық әрекеттер жасау үшін аталмыш жабдықтарға қызмет көрсетумен айналысқаны анықталды.
«Қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды», - деді ІІМ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы Жандос Сүйінбай.
Көп оқылған
13.07.2026, 10:57
Алматыда жеке кәсіпкер есігінің алдында өсіп тұрған ағашты кесемін деп басы дауға қалды (ВИДЕО)
13.07.2026, 11:50
Астанада түнгі уақытта тыр жалаңаш жүрген ер адам алдағы 25 күнін қамауда өткізетін болды (ВИДЕО)
13.07.2026, 12:17
Ауа райы күрт ысиды: Қазақстанда алдағы күндері температура 45 градусқа дейін көтеріледі
13.07.2026, 16:36
Аялдамасынан өтіп кеткен: Астанада ашуға булыққан жолаушы жүргізуші кабинасының әйнегін сындырды