30.01.2025, 08:56
Жаңалықтар
Оралда басына кірпіш құлаған қарт кісі тіл тартпай кетті
Оқиға құрылыс жүріп жатқан орындардың бірінде болған
Фото: istockphoto.com
Оралда құрылыс жүріп жатқан тұрғын үйден кірпіш құлап, жанынан өтіп бара жатқан адамға тиген. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі «Орал апталығы» басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Басылым мәліметінше, қайғылы оқиға 29 қаңтар күні Молдағұлова көшесінде болды.
Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жедел жәрдем жеткенше ер адам қайтыс болып кеткен. Дәрігерлер тек өлімді тіркеген. Марқұм шамамен 60-65 жаста.
«Құрылыс жұмыстары кезінде кірпіш биіктен құлап, жақын маңдағы адамға тиді. Ер адам алған жарақатынан оқиға орнында қайтыс болды. Бұл факт бойынша қылмыстық іс тіркелді. Тергеу жүріп жатыр», – деп хабарлады полиция.
Көп оқылған
11.10.2026, 08:37
Подъезде ұйықтап қалған: Ақтауда жасөспірімге қатысты тексеріс басталды
12.10.2026, 09:31
Алматыда еңгезердей төрт еркек 60-тан асқан ер адамды өлтіріп, үйінен қара пакетпен алып шыққан (ВИДЕО)
11.10.2026, 23:47
«Үш адам қаза тапты»: Қайрат Нұртастың концерті туралы жалған ақпарат таратқан әйел жазаланды