ШҚО-да қос азаматтығы бар анасы мен қызы елден қуылып, 200 АЕК айыппұл арқалады
2025 жылдың қаңтар айының өзінде облыста қос азаматтығы бар жеті адам анықталды
Шығыс Қазақстанда анасы мен қызының қос азаматтығы бары анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Облыстық ПД мәліметінше, олар өткен жылдың желтоқсан айының басында шет мемлекеттің азаматтығын алып, алайда белгіленген мерзімде Қазақстан Республикасының көші-қон қызметіне хабарламаған. Дегенмен, бұл құқықбұзушылық екі ай өткеннен кейін, анасы мен қызы зейнетақы жинақтарын алу үшін ХҚКО-ға өз бетімен жүгінген кезде анықталған.
«Сот қаулысымен олар Қазақстан Республикасының азаматтық туралы заңнамасын бұзды деп танылды. Нәтижесінде анасына 200 АЕК мөлшерінде айыппұл салынып, ал қызы әкімшілік жолмен елден шығарылды.
2025 жылдың қаңтар айының өзінде облыста қос азаматтығы бар жеті адам анықталған.
Құқық қорғау органдары Қазақстан заңнамасына сәйкес, басқа елдің азаматтығын алған азаматтар 30 күн ішінде бұл туралы көші-қон қызметіне хабарлап, бұрынғы азаматтығын растайтын құжаттарын тапсыруы қажет екенін ескертеді. Аталған талапты бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын естен шығармаңыздар», - деп ескертті ПД.