Павлодарда 74 жастағы әжей ішімдік ішіп, көлік жүргізген жерінен ұсталды
Заң бойынша ол 15 тәулікке қамауға алынып, жүргізуші куәлігінен 7 жылға айырылады

Павлодар қаласында 76 жастағы әжей мас күйінде көлік жүргізгені үшін істі болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Облыстық соттың мәліметінше, 2024 жылдың желтоқсанында 1951 жылы туған азаматша И. алкогольдік масаң күйде болып «Toyota» маркалы көлікті жүргізгені анықталды.
Сот отырысында әжей істеген ісін мойындады.
Жасалған құқық бұзушылықтың мән-жайлары әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен, медициналық куәландыру қорытындысымен, бейнежазбамен расталады.
«ӘҚБтК-нің 608-б. 1-б. санкциясы 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алуды және 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыруды көздейді. Алайда, ӘКБтК-нің 50-б. 2-б. сәйкес, елу сегiз жастан асқан әйелдерге қамауға алуды қолдануға болмайды.
Сот азаматша И.-ді ӘҚБтК-нің 608-б. 1-б. бойынша кінәлі деп танып, оған 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру түріндегі жазаны тағайындады. Қаулы заңды күшіне енді», - делінген хабарламада.