Ол өз сөзінде құрал-жабдық өндірісін жолға қою мәселесін көтерді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында өнеркәсіп саласын дамытуға қатысты тапсырмалар берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ол өз сөзінде отандық кәсіпорындар негізгі сұраныстың 40 пайызын ғана өтей алатынын қозғап өтті.
«Былтыр энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғыртуға арналған ұлттық жоба қабылданды. Бұл жоба аясында өнеркәсіп саласын дамыту үшін жаңа өнімдер шығару да қолға алынбақ.
Отандық кәсіпорындар негізгі сұраныстың 40 пайызын ғана өтей алады. Үкімет жергілікті зауыттармен офтейк-келісім жасау арқылы құрал-жабдық өндірісін жолға қоюға тиіс», - деді президент.