Қостанайда радикалды ағымдарды қолдайтын ер адам мешіттен киім ұрлап кетті (ВИДЕО)

Автор: Асыл Арман

Қазір «Ұрлық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруде жүргізіліп жатыр

Фото: Видеодан скрин

Қостанай облысында «Марал Ишан» қалалық мешітінде қысқы сырт киімді ұрлады деген күдікпен ер адамды анықталып, қолға түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Облыстық ПД мәліметінше, деструктивті радикалды ағымдардың жақтаушысы болған 39 жастағы ер адам тиімді сәтті пайдаланып, жамағаттың бірінің курткасын ұрлап әкеткен. Оның айтуынша өз сырт киімі жылы болмағандықтан, басқа біреудің киімін киіп, мешіт ғимаратынан шығып кеткен.

«Қазіргі уақытта полиция қызметкерлерімен «Ұрлық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруде жүргізіліп жатыр.

Тексеру барысында күдіктінің басқа да осындай қылмыстарға қатысының болуы тексерілуде», - делінген ПД хабарламасында.