$ 516.01  582.47  6.26
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ақтөбеде ұрыларға туысының пәтерін тонауға көмектескен ер адам ұсталды (ВИДЕО)

Күдіктілер пәтерге пластикалық терезе арқылы кіріп, 10 млн теңгені қолды еткен

Ақтөбеде ұрыларға туысының пәтерін тонауға көмектескен ер адам ұсталды (ВИДЕО)
Фото: Видеодан скриншот

Ақтөбеде ұрыларға туысының пәтерін тонауға көмектескен ер адам қолға түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Полицияның мәліметінше, қаңтар айының басында Ақтөбедегі пәтерден ірі көлемде ақша ұрланған. Күдіктілер пәтерге пластикалық терезе арқылы кіріп, 10 млн теңгені қолды еткен.

«Жедел іс-шаралар барысында полиция қызметкерлері төрт күдіктіні анықтап, ұстады. Тергеп-тексеру барысында ұрыларға жәбірленушінің туысы көмек көрсеткені анықталды. Ол күдіктілерге туысының пәтерінде қолма қол ақша бар екенін айтқан. Ұрланған ақшаны күдіктілер өз қажеттіліктеріне жұмсаған, несиелерін төлеп, ойын-сауық орындарына барған.

Ұсталғандардың барлығы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары