Тоқаев Үндістанның премьер-министріне құттықтау жолдады

Автор: Асыл Арман

Ол Үндістан халқының игілігі мен өркендеуі жолындағы жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі

Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан премьер-министрі Нарендра Модиге Республика күніне орай құттықтау жолдады. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Мемлекет басшысы Үндістанның демократиялық дамуындағы елеулі прогресс пен әлеуметтік-экономикалық, сондай-ақ технологиялық салалардағы жетістіктерін атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев Нарендра Модиге достас Үндістан халқының игілігі мен өркендеуі жолындағы жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.

Президент берік достық байланыстар мен стратегиялық серіктестікке негізделген қазақ-үнді қатынастарының ерекше сипатына назар аударып, екі елдің жан-жақты ынтымақтастығы одан әрі нығая түсетініне сенім білдірді.