Қазақстанда автокөліктерді тіркеу уақытша тоқтатылды

Автор: Azattyq Rýhy

Әкімшілік полиция штаттан тыс профилактикалық жұмыстар жүргізіп жатыр

Фото ашық дереккөзден

ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің мәліметінше, 26 мамыр сағат 9:00-ден бастап 12:30-ге дейін Халыққа қызмет көрсету орталықтарының барлығында және eGov аорталында автокөліктерді тіркеу тоқтатылады.

Бұл жоспардан тыс профилактикалық жұмыстардың жүруімен байланысты. Әкімшілік полиция комитеті келтірілген қолайсыздық үшін қазақстандықтардан кешірім сұрады.

«Порофилактикалық жұмыстар аяқталғаннан кейін мемлекеттік қызмет көрсету штаттық режимде қайта жанданады», - делінген Комитет таратқан хабарламада.