$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
26.05.2020, 09:45
Жаңалықтар

Түркістан облысында 17 адамнан коронавирус анықталды

Өңірде вирус жұқтырғандар саны 332 адамға жетті

Түркістан облысында 17 адамнан коронавирус анықталды
Фото: ашық дереккөзден

Түркістан облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 17 адам тіркелді, деп хабарлайды ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия.

Скринингтік тексеру барысында COVID-19 инфекциясы Түлкібас ауданының 1992 жылғы, Сайрам ауданының 1998 жылғы, Мақтаарал ауданының 1950, 1977 жылғы, Төлеби ауданының 1988 жылғы, Түркістан қаласының 1951, 1990, 1991, 1992 жылдары туған тұрғындарынан анықталды.

«Сонымен қатар вирусты жұқтырған адаммен байланыста болған азаматтарды тексеру нәтижесінде Түркістан қаласының 1952, 1956, 1981, 1989, 2001, 2013, 2015, 2018 жылғы тұрғындарының сынамасы олардың да коронавирусты жұқтырғанын көрсетті. Қазіргі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық, оқшауланып, бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем алуда», - делінген хабарламада.

Олармен жақын байланыста болған азаматтар анықталып, медициналық бақылауға алынды.

Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.

Қазіргі уақытта Түркістан облысында вирус жұқтырғандар саны — 332, жазылып шыққандар саны 182-ге жетті.

Серіктес жаңалықтары