Оған облыстық ТЖД көмекке барды
СҚО Многоцветное ауылы маңындағы «Лавровка-Тайынша-Чкалово» автожолында Ригаға бара жатқан жүк автокөлігінің тежегіш жүйесі қатып, тоқтап қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жүк көлігінде 20 тонна 988 кг өнім болған.
«Жүргізушіге көмекке ТЖМ құтқарушылары, атап айтқанда Тайынша ауданы 14-ӨСБ өрт сөндіру көліктерінің аға жүргізушісі Олег Солодко келді.
Жедел және кәсіби іс-қимылдардың арқасында ақауды жойды. Мамандар компрессорды және жылу зеңбірегін пайдалана отырып қатып қалған жүйелерді жылытып, ылғал сүзгісін ауыстырды және көлікті қайтадан жұмыс қалпына келтірді», - делінген ТЖМ хабарламасында.
Жүргізуші Олег Простяков қиын сәтте көмек көрсеткені үшін құтқарушыларға шын жүректен алғысын білдірді.