Видео Алматыдағы «Алтын Орда» базарының маңайында түсірілген
Алматыда екі баласын жетектеп, тапсырыс тасып жүрген әйел адам жан сырын ақтарды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Видеода әйел адам Алматыдағы әйгілі «Алтын Орда» базарының маңайында жүргенін байқауға болады.
«Екі баламмен күнде осылай жұмыс істеймін. Үшеуіміз пәтер жалдап тұрамыз. Балаларымды үйде қарайтын ешкім жоқ. Алматыға Жетісайдан келдім. Бір баламды жетектеп, екіншісін арбасына салып, автобуспен осылай тапсырыс тасимын», - дейді видеодағы аты-жөні белгісіз әйел адам.
Айта кетейік, жуырда екі баласын жетектеп, Алматыда тапсырыс тасып жүрген адамның видеосы тарағаны туралы хабарланған болатын.