26.01.2025, 21:45
Жаңалықтар
Қазақстандық балуан Эльмира Сыздықова Ресейдегі турнирдің чемпионы атанды
Ол Олимпиаданың қола жүлдегері атанған болатын
Фото: United World Wrestling
Қазақстандық балуан Эльмира Сыздықова Ресейдің Красноярск қаласында аяқталған Иван Ярыгин кубогы турнирінде жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Рио Олимпиадасының қола жүлдегері Э.Сыздықова 76 келіге дейінгі салмақта белдесті.
Ол финалда моңғолиялық Даваанасан Енх-Амардың жауырынын жер иіскетіп, үздік атанды.
Тағы бір қазақстандық балуан Виктория Хусаинова 62 келіге дейінгі салмақта финалға дейін жетіп, соңғы бәсекеде жеңіліп қалды.
Оған қоса осы салмақта Тыныс Дүбек қола жүлдеге ие болды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Қазақстан балуандары Франциядағы турнирде жеңімпаз атанған болатын.
Көп оқылған
25.10.2026, 08:54
Көкшетауда 93 жастағы ер адам мен 89 жастағы әйел құтқарылды (ВИДЕО)
25.10.2026, 06:37
Каспий теңізінен бір адамның денесі табылды
25.10.2026, 09:00
Егемендікке жол ашқан тарихи қадам: Республика күні мерекесінің ел өміріндегі маңызы қандай
25.10.2026, 15:10
26 қазан күні ауа райы қандай болады
25.10.2026, 12:03
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды