Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» хабарлады
26 қаңтардан бастап Қызылорда мен Арал қалаларын байланыстыратын автожол автобустар мен жүк көліктері үшін ақылы болды. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ұзындығы 454 шақырымды құрайтын жол «РФ шекарасы (Самара) – Шымкент» республикалық маңызы бар автожолының бөлігі саналады және II техникалық санаттың нормативтік талаптарына сай келеді.
«26 қаңтардан бастап бұл учаскеде ақы төлеу жүйесі іске қосылды. Жол бойында 6 бақылау аркасы мен клиенттерге қызмет көрсету орталығы орнатылған. Жоғары жылдамдықты камералар автокөліктердің қозғалысын, жылдамдығын және жүріс жиілігін тіркейді. Сондай-ақ, kaztoll.kz сайтындағы «Онлайн-трансляция» бөлімінен жолдағы жағдайды бақылауға болады», — деп жазылған хабарламада.
Ақылы жолда тұрақты төлем бекеттері мен шлагбаумдар жоқ. Бұл көлік кептелісін болдырмай, қозғалыс қауіпсіздігін арттырады және уақытты үнемдейді. Төлем тек қолма-қол ақшасыз тәсілдермен жүргізіледі.
Төлем тәсілдері:
Бағалар
16 орынға дейінгі автобустар мен 2,5 тоннаға дейінгі жүк көліктері:
32 орынға дейінгі автобустар мен 5,5 тоннаға дейінгі жүк көліктері:
32 орыннан жоғары автобустар мен 10 тоннаға дейінгі жүк көліктері:
10-15 тонна аралығындағы жүк көліктері:
15 тоннадан жоғары жүк көліктері, тіркемесі барлар:
Жеңіл көліктерге тегін
Жол жеңіл автокөліктер үшін ақысыз болып қала береді. Сонымен қатар жергілікті тұрғындарға арналған айлық және жылдық абонементтер қарастырылған.