Атырауда ішкі әуе рейстері іске қосылды
Әуе рейстерін 25 мамырдан бастап қайта ашу туралы шешім қабылданды

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Е.Л. Тоғжановтың төрағалығымен Қазақстан аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
«Ведомствоаралық комиссия шешімімен 25 мамырдан бастап Атыраудан еліміздің барлық қалаларына әуе рейстерін қайта ашу туралы шешім қабылданды», - деп жазылған хабарламада.
Бастапқы кезеңде рейстер келесі кесте бойынша орындалады:
Air Astana
- Атырау – Алматы, Атырау - Нұр-Сұлтан – аптасына 7 рейс.
SCAT
- Атырау – Нұр-Сұлтан – аптасына 5 рейс (1 маусымнан – 7 рейс);
- Атырау – Ақтау – аптасына 7 рейс (1 маусымнан – 14 рейс).
Qazaq Air
- Атырау – Ақтау – аптасына 4 рейс;
- Атырау – Ақтөбе – аптасына 7 рейс;
- Атырау – Орал – аптасына 3 рейс;
- Атырау – Шымкент – аптасына 2 рейс.
Fly Arystan
- Атырау – Шымкент – аптасына 3 рейс (шілдеден)
Әуе компаниялары рейстер кестесіне өзгерістер енгізуі мүмкін.
Рейстер Көліктегі бас санитарлық мемлекеттік дәрігер бекіткен жоғары санитарлық қауіпсіздіктің шараларына сәйкес орындалады.