«Қашан үйленесің?»: Бақтиер Зайнутдиновке қойылған сұрақ жұртты күлдірді (ВИДЕО)

Автор: Мөлдір Қазыбай

Танымал блогер футболшыға қалыңдық іздеп жатыр

Фото: Видеодан скрин

Танымал қазақстандық футболшы Бақтиер Зайнутдиновке блогер Артур Асқарұлы сұрақ қойып, жұртты күлдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Видео блогердің Instagram желісінде жарияланды.

«Бақтиер Зайнутдиновке қалыңдық іздейміз. Ол өте қарапайым, бірінші болып ешкімге жазбайды. Енді сіздерге арналған сәт туып тұр», - деп жазды блогер.

Ал видеода Артур Асқарұлы футболшыға «Қашан үйленесің?» деп сұрақ қойып, көпшілікті күлдірді.

«Менің құрбым әлі тұрмысқа шыққан жоқ», «Не деген керемет!», «Менің құрбым күтіп жүр», «Біз онсызда жазда шаңырақ көтереміз деп отырмыз ғой», - деп желі қолданушылары әзілмен пікір қалдырды.

Айта кетейік, отандасымыз қазір Түркияның «Бешикташ» футбол клубының сапында өнер көрсетеді.