$ 519.28  540.05  5.31
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Астанада тағы бір елді мекенге газ берілді

Жоба аясында 8,7 км газ тарату желісі салынды

Астанада тағы бір елді мекенге газ берілді
Фото: Астана әкімдігі

Астанада 25 қаңтарда «Family Village» елді мекені табиғи газға қосылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Елорда әкімдігінің мәліметінше, «QazaqGaz Aimaq» АҚ Астана өндірістік филиалының күшімен тұрғын үй массивінің тарату желілеріне газ алғаш рет қосылды, онда 458 үй көгілдір отынға қол жеткізді.

Жоба аясында 8,7 км газ тарату желісі салынып, 277 газ тарату шкаф пункті орнатылды.

«Астананы газдандыру – бұл экологиялық жағдайды жақсартатын және халықтың қаржысын үнемдеуге мүмкіндік беретін стратегиялық жоба. Біз нақты нәтижелерді көріп отырмыз және тағы бір елді мекен көгілдір отынға қосылғанына қуаныштымыз», – деп атап өтті қала әкімдігінің газдандыру бөлімінің басшысы Рақымжан Алтынбек.

Бұған дейін әкімдік газдандырудың екі кезегінің құрылысын аяқтады. Олар – Сарыарқа ауданы (Көктал-1, Көктал-2 елді мекендері, Агроқалашық және қаланың ескі бөлігіндегі Потанин көшесінің аумағы), Алматы ауданы (Железнодорожный, Промышленный елді мекендері, сол сияқты Оңтүстік-Шығыс елді мекенінің оң және сол жақ бөліктері, Интернациональный, сондай-ақ Ақбидай, Қазақауыл шағын аудандары), Сарайшық ауданы (Күйгенжар және Мичурино елді мекендері), Есіл ауданы (Велла Вилладж коттедж қалашығы, Куршавель т/к, Фэмэли таун, Фэмэли парк т/к) және Нұра ауданы (Будапешт, Космик Сити тұрғын үй кешендері).

Сондай-ақ, «Тұран», «Телман», «Оңтүстік-Шығыс» газ жылу станцияларына және Үркер, Пригородный, Family Village, Өндіріс, Кирпичный елді мекендеріне газ жеткізу желілерінің құрылысы аяқталды.

Серіктес жаңалықтары