26.01.2025, 01:00
Жаңалықтар
Қазақстанда жаңа кәсіби мерекелер пайда болады
Құжат 2024 жылғы 23 желтоқсанға дейін жария талқылау үшін «Ашық НҚА» порталында орнастырылған
Фото: istockphoto.com
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ведомство басшысының 8 жаңа кәсіби мерекені бекітуді көздейтін бұйрығының жобасын дайындады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Министрліктің бұйрық жобасына сәйкес, кәсіби мерекелер тізіміне келесі күндер енгізіледі:
- 28 қаңтар – Қаржылық мониторинг органдарының күні;
- Шілденің бірінші жексенбісі – Теңіз және өзен көлігі қызметкерлерінің күні;
- Тамыздың бірінші жексенбісі – Теміржол көлігі қызметкерлерінің күні;
- Қыркүйектің екінші жексенбісі – Бақылау-өлшеу аспаптары және автоматика саласы қызметкерлерінің күні;
- 2 қазан – Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру қызметкерлері күні;
- Қазанның соңғы жексенбісі – Автомобиль көлігі қызметкерлерінің күні;
- 10 қараша – Бухгалтерлік есеп және аудит саласы қызметкерлерінің күні;
- 13 желтоқсан – Қылмыстық-атқару жүйесі күні.
Сонымен қатар Ұлттық баспасөз күні мен Радио күні бұған дейін Үкімет қаулысымен бекітілгендіктен, қайталануды болдырмау үшін тізімнен алынып тасталмақ.
Жаңа кәсіби мерекелерді енгізу туралы бастаманы тиісті салалардың мемлекеттік органдары көтерген.
Бұйрық жобасымен мына сілтеме арқылы танысуға болады.
Серіктес жаңалықтары
Көп оқылған
15.11.2025, 21:50
Қарағандыда такси жүргізуші баланың жалғыз отырғанын жарты жолға келгенде бір-ақ білген
15.11.2025, 11:14
«Сені жоқ қып жіберемін»: Марқұм композитор Арман Дүйсеновты 66 млн теңгеге алдап кеткен
15.11.2025, 14:16
Қарағандыда екі көлік соққан ер адам оқиға орнында қаза тапты
15.11.2025, 22:30
«Бұл әдейі істелінеді»: Омар Жәлел тойда асабалардың қандай қулық жасайтынын айтты
15.11.2025, 17:13
Тұман, жел: 16 қарашаға арналған ауа райы болжамы жарияланды
15.11.2025, 13:18
Берлин әуежайында шетелдік фанат Димашқа күй шертіп берді
Редактордың таңдауы
14.11.2025, 17:55
Астананың білім басқармасы тұмауға байланысты шұғыл мәлімдеме жасады