26.01.2025, 08:53
Жаңалықтар
Әйел адам операция үстінде көз жұмды
Оның арқасына ота жасалып жатқан
Фото: istockphoto.com
Ресейдің Подольск қаласында әйел адам жеке емханада операция үстелінде қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
SHOT мәліметтері бойынша, 50 жастағы Светлана 2018 жылдан бері арқадағы ауырсынуға шағымданған. Ол кейде жүре алмайтын, ауырсынудан аяғы жансызданып қалды. Бірер күн бұрын ауыруы шыдатпай, жеке медициналық орталыққа барды. Онда әйел адамнан омыртқааралық грыжа анықталды.
Операция жасау туралы шешім қабылданды. Отаға шыдай алатыны анықталған. Алайда ота жасау барысында екі сағаттан кейін Светлананың жағдайы күрт нашарлай бастады. Амалсыздан жансақтау бөліміне ауыстырылды, бірақ бірнеше сағаттан кейін қайтыс болды.
Тәртіп сақшылары тергеу жұмыстарын бастады.
Көп оқылған
28.09.2026, 17:24
«Жиналысты азайтамыз»: су жаңа Қорғаныс министрі жаңа қызметте бірінші кеңесін өткізді
28.09.2026, 12:40
«Қаралы күн, біз үшін өліп пе?»: сарбаздардың рухына тіл тигізген ер адам қамауға алынды (ВИДЕО)
28.09.2026, 12:21
Жеті күн ішінде қаржы есебі, он күнде арнайы жоспары дайын болу керек: Қарин әскердегі реформа туралы нақты даталарды атады
28.09.2026, 15:35
Қазақстан аумағында бір күнде үш мәрте жер сілкінді