Алматыда науқас әйел ауруханада екі дәрігерді ұрып, біреуінің бетін тіліп жіберген (ВИДЕО)
Оған 200 мың теңге көлемінде айыппұл салынды
Алматыдағы клиникалардың бірінде науқас әйел екі гинекологқа қол көтеріп, бірінің бетін кесіп, ауыр жарақаттаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Өткен жылдың қараша айында алматылық ауруханалардың бірінде екі дәрігер белгісіз әйелдіңқолынан зардап шеккен.
«Айшам Бақытжанқызы ауыр жарақат алды: беті тілініп, қатты қан кеткен. Жарақат орнын тігуге тура келді. Сот бұл сұмдықты 200 мың теңгеге бағалады. Әділдік қайда?!» – делінген дәрігер Айгерім Мұратқызының Instagram-дағы парақшасында.
Оның айтуынша, зардап шеккен екінші дәрігер «еркек атыма сын деп» арыз жазудан бас тартқан.
«Біз бұдан әрі үнсіз қала алмаймыз! Біз медицина қызметкеріне шабуыл үшін жауапкершілік тағайындалып, тәртіп сақшыларына қарсы шабуылға теңестірілгенін талап етеміз! Дәрігерлер, полиция қызметкерлері сияқты күнделікті қоғам үшін қызмет етеді, сондықтан олардың құқығы заңмен қорғалуы керек», – деп дәрігер өз ойын бөлісті.