$ 517.84  543.11  5.28
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстанда кәсіпкерлерді боспалап, миллиондаған теңге талап еткен ондаған блогер ұсталды

Олар 15 жылға дейін қамалуы мүмкін

Қазақстанда кәсіпкерлерді боспалап, миллиондаған теңге талап еткен ондаған блогер ұсталды
Фото: БҚО ПД

Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес қызметкерлері қоғамдық қызметтің атын жамылып, өздерінің арам пиғылдарын көздейтін 20-дан астам блогерді анықтап, жолын кесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Белгілі болғандай, Көлік полициясының ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасына теміржол компаниясының қызметкерлері шағымданған. Оларға қоқан-лоққы көрсетіліп, жүйелі түрде бопсалауға ұшыраған. Өзін блогер ретінде көрсеткен күдікті жолсеріктердің әртүрлі бұзушылықтарын олардан ақша бопсалау мақсатында түсіріп отырған. Жәбірленушілерге келтірілген жалпы шығын 48 млн теңгеден асты. Ол бопсалаудың 60 эпизоды бойынша ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылды.

«Жетісу облысында жедел уәкілдер құрылыс саласындағы кәсіпкерден 10 млн теңге талап еткен блогерді ұстады. Ол тұрғын үй құрылысындағы құқық бұзушылықтар туралы жарияланымдармен қорқытқан.

Алматы қаласында сотталған адамнан 10 млн теңге бопсалады деп күдіктелген блогерлер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Одан бұрын супермаркеттер желісіндегі бұзушылықтарды түсіріп, 27 млн теңге бопсалаған блогер құрықталды. Қазіргі уақытта қылмыстық іс сотта қаралуда», - деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

Осыған ұқсас жағдайлар Атырау, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстарында анықталды. Барлық күдікті қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Түркістан облысында блогерлер қаралайтын мәліметтерді жариялау туралы қоқан-лоққы жасай отырып, оқу орындарының басшыларынан үлкен көлемде ақша бопсалаған. Сот оларға 3,5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Бопсалау жасағаны үшін заңнамада мүлкі тәркіленіп, 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделгенін ескертеді.

Серіктес жаңалықтары