$ 517.84  543.11  5.28
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Ел экономикасына шетелдегі жағдайлардың әсері бар ма: Бектенов арнайы жиын өткізді

Бектенов ел сыртқы факторлардың ел экономикасына әсері мәселелері бойынша кеңес өткізді

Ел экономикасына шетелдегі жағдайлардың әсері бар ма: Бектенов арнайы жиын өткізді
Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

Премьер-министр Олжас Бектенов сыртқы факторлардың ел экономикасына әсері мәселелері бойынша жұмыс кеңесін өткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Макроэкономикалық көрсеткіштердің болжамы және жағдайдың дамуының әртүрлі сценарийлері қарастырылған. Ықтимал қолайсыз факторлардың әсерін барынша азайту, сондай-ақ қолда бар артықшылықтарды пайдалану шаралары талқыланды.

Ұлттық экономика, Қаржы, Энергетика министрліктерінің, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының басшылығы әлемдік экономиканың дамуының Қазақстанға ықпалының есептеулері мен сценарийлерін ұсынды.

Ұлттық экономика министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдар және ұйымдармен бірлесіп бірқатар тапсырмалар берілді.

Серіктес жаңалықтары