Оқиға бүгін сағат 10:30-да Екатерибург-Алматы автожолында болды
Қарағанды облысының Балқашпен арадағы тасжолда болған жаппай жол апатында 19 көлік соқтығысты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«ҚазАвтоЖол» мәліметінше, 2025 жылғы 23 қаңтар сағат 10:30-да Екатерибург-Алматы автожолының қайта жаңарту учаскесінде (Қарағанды-Балқаш, 1492-1855 шақырым) Балқаштан Қарағанды қаласына көлік қозғалысы ашылды.
«Ауа райының жақсаруына және көліктердің жиналып қалуына байланысты осындай шешім қабылданып, Қарағанды облыстық полиция департаментінің және ҚазАвтоЖол қызметкерлерінің сүйемелдеуімен қозғалыс ұйымдастырылды.
Осы учаскенің 1630 шақырымында сағат 12:30-да 19 жеңіл көліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды. Оқиға орнында ТЖМ қызметкерлері және жедел жәрдем қызметі жұмыс істеп жатыр. Атап өту керек, бұл жол-көлік оқиғасына қатысушылар колонналық қозғалысқа қатыспаған.
Жол-көлік оқиғаның алдын ала себептерінің бірі – жылдамдық режимін және қауіпсіз арақашықты сақтамау», - делінген хабарламада.