21.01.2025, 08:15
Жаңалықтар
Ақмола облысында диспансерлік есепте тұрған науқастарға тегін дәрі-дәрмек берілмеген
Айыптылар жауапкершілікке тартылды
Фото: istockphoto.com
Ақмола облысы Есіл ауданының прокуратурасы аудандық ауруханасының қызметінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде халықты дәрілік заттармен қамтамасыз етпеу фактілерін анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ақпарат агенттігі облысық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Атап айтқанда, 2024 жылдың басынан бастап 6 нозология бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар жеткізілмеген.
«Қадағалау актісі бойынша диспансерлік есепте тұрған 2 350 адамға арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар аудандық ауруханаға жеткізіліп, кінәлі тұлғалар жауапкершілікке тартылды», - делінген Ақмола облыстық прокуратурасы баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Көп оқылған
30.06.2026, 11:58
Атырауда «Нива» мінген жас жігіт дрифт жасаймын деп басы дауға қалды
30.06.2026, 10:37
Актер Нұртас Адамбай АҚШ-қа көшіп кетті
30.06.2026, 10:49
Атырау облысында кәсіпкерлер құны 619 млн теңге тұратын мыңдаған гектар жерінен айырылып қалды
30.06.2026, 16:10
«Қайын жұртын қырып салған»: Сұлтан Сәрсемәлиевтің ешкім білмеген былықтары әшкере болды