$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

ШҚО-да ер адам танысының қорасын өртеймін деп өзгелерге зиян тигізді

Өрт кезінде 10-нан астам үй жануары, 20 тонна шөп, бес тонна мал азығы өртеніп кеткен

ШҚО-да ер адам танысының қорасын өртеймін деп өзгелерге зиян тигізді
Фото: Polisia.kz

Шығыс Қазақстан облысының Шемонаиха ауданында белгісіз біреулер үйдің жанындағы қораны өртеп жіберді. Өрттен мал қырылып, қысқа деп жиналған шөп жанып кеткен. Ауыл тұрғындары еш себепсіз зардап шеккені белгілі болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Полицейлерге ауыл тұрғыны хабарласып, қорасын белгісіз біреулер өртеп жібергенін хабарлаған. Өрт кезінде 10-нан астам үй жануары, 20 тонна шөп, бес тонна мал азығы өртеніп, техника зақымданған. Жалпы шығын жеті миллион теңгеден асты.

«Анықталғандай, сол түні ауылдасымен араздасып қалған 27 жастағы жігіт оның үйіне өрт қою ниетімен барған. Ол өзімен бірге бензин құйылған пластик бөтелкені алып, ғимараттың ағаш қабырғасына құйып, өртеп жіберген. Алайда ол көп ұзамай мекенжайды шатастырып алғанын түсінген. Ал өрттен оның көршісінің қорасы өртеніп кетті», - деді полиция.

Тәртіп сақшылары оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр.

Серіктес жаңалықтары