$ 529.99  546.63  5.21
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Тоқаев жаңадан тағайындалған әділет министрін қабылдап, тапсырмалар берді

Президентке министрліктің мақсаттары мен міндеттері жөнінде баяндалды

Тоқаев жаңадан тағайындалған әділет министрін қабылдап, тапсырмалар берді
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан тағайындалған әділет министрі Ерлан Сәрсембаевты қабылдады. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Президентке әділет органдары қызметінің негізгі бағыттары, сондай-ақ мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты жолдауын жүзеге асыру аясында белгіленген министрліктің мақсаттары мен міндеттері жөнінде баяндалды.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа нормативтік актілер әзірлеу қызметінің сапасын арттыру, заң үстемдігін қамтамасыз ету және әділетті әрі қауіпсіз қоғам қалыптастыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы мәлімет берілді.

Мемлекет басшысы құқықтық жүйені нығайту үдерісінде азаматтардың құқы мен мүддесіне ден қоюдың маңызын атап өтті.

Кездесу соңында президент бірқатар тапсырма берді.

Серіктес жаңалықтары