20.01.2025, 15:40
Жаңалықтар
Ақтөбеде әйел адам босанғаннан кейін перзентханада сәбиін сатып жіберген
Осыған қатысты қылмыстық іс қозғалды
Фото: depositphotos.com
Ақтөбеде әйел адам босанғаннан кейін перзентханада сәбиін сатып жібергені анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Әйел адам 2024 жылдың тамыз айында облыстық перинаталдық орталықта босанған. Telegram-канал «Криминальный Казахстан» мәліметінше, босанғаннан кейін біраз уақыттан кейін баласын басқа адамдарға берді. Тергеу дәрігерлердің бұл «мәмілеге» тікелей қатысы бар деген нұсқаны тексеріп жатыр.
Бұл оқиғаға қатысты Ақтөбе облысының полициясы тергеу жұмыстарын бастады.
«Ақтөбе облысының полицейлері перзентханада жаңа туған нәрестенің сатылуына қатысты қылмыстық іс қозғады. Барлық мән-жай мен қатысы бар адамдарды анықтау үшін қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр», - делінген хабарламада.
Көп оқылған
07.10.2026, 16:45
Қазақ ғалымдары шұжықтың ішіндегі ит пен мысық, тышқан мен шошқаның етін лезде анықтайтын тест ойлап тапты
07.10.2026, 11:58
Тоқаев қорғаныс министрінің тағы бір орынбасарын жұмысынан қуды
07.10.2026, 10:58
Миллиардтаған ақшаны ысырап етпек болған: Қазақстан жолдарын жөндеу кезіндегі былықтың беті ашылды
07.10.2026, 13:46
Алматыда ер адам бұрынғы сүйіктісін интимді суреттеріңді таратып жіберемін деп бопсалаған (ВИДЕО)
07.10.2026, 09:48
Қазақстанда алдағы бірнеше күнде ауа райы 27 градусқа дейін жылынады
07.10.2026, 18:00
Ақтауда балықтан уланған тоғыз жасар бала 20 күннен кейін көз жұмды