Ол 300 жылдық тарихы бар Кадриорг саябағында ашылды
Таллинн қаласындағы Кадриорг саябағында Димаш Құдайбергеннің құрметіне ескерткіш белгісі орнатылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қазақстанның Эстониядағы елшілігіне сілтеме жасап.
Ескерткіш белгінің ашылуына Қазақстанның Эстониядағы елшісі Нұрлан Сейтімов қатысты.
«Осы акцияны ұйымдастырушы «Dimash Estonian Dears» фан-клубының мүшелері 300 жылдық тарихы бар бұл саябақ алдағы уақытта өздерінің сүйікті қазақ әншісінің әндерін тыңдай алады деген үміт білдірді. Эстониядағы Dimash фан-клубында елдің әр түкпірінен жиналған 500-ден астам адам бар», - делінген елшілік хабарламасында.