19.01.2025, 23:15
Жаңалықтар
Қаскелең мен Алматы арасындағы жол сегіз жолақты болады
Жоба екі кезең бойынша жүзеге асырылмақ
Фото: istockphoto.com
Бұл туралы Алматыға жұмыс сапары барысында Көлік министрі Марат Қарабаев айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жобаның алғашқы кезеңінде Алматыдағы үлкен айналма жолдан Қаскелең өткеліне дейін, екінші кезеңде өткелден Айтей ауылына бұрылысқа дейінгі бөлігі жөнделеді. Қазір жобалау жұмыстары басталып кетті.
«Бұл көлік қатынасын жақсартып, жолға кететін уақытты қысқартады деп күтілуде. Жолдың өткізу мүмкіндігі тәулігіне 60-90 мың көлік аралығында болады. Жолды кеңейту кептелісті азайтады. Көлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі үшін 12 жер асты жаяу жүргіншілер өткелі салынады», – делінген министрлік таратқан хабарламада.
Көп оқылған
23.08.2026, 16:15
24 тамыз күні ауа райы қандай болады
23.08.2026, 18:41
Әлем чемпионаты: ұлттық құрама қазақ күресінен үш алтын еншіледі
23.08.2026, 21:17
24 тамызда барлық өңірде дауылды ескерту жарияланды
23.08.2026, 16:38
ШҚО-да жартасқа жазу жазған шетелдіктерге айыппұл салынды
23.08.2026, 20:41
Қазақстан өңірлеріндегі сайлаушылардың сағат 20:00-дегі дауыс беру көрсеткіші жарияланды
23.08.2026, 20:11
Тарихи Құрылтай сайлауы: дауыс беру аяқталды