Синоптиктер еліміздің басым бөлігінде көктайғақ болады деген болжам жасап отыр
Синоптиктер Қазақстанның бірқатар өңірінде тұман түсіп, көктайғақ орнайды деген болжам жасады. Ауа райының қолайсыздығына байланысты дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ШҚО, Жамбыл, Түркістан облыстарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, тұман және жел күтіледі.
Ақтөбе және Жетісу облыстарында көктайғақ болуы мүмкін.
СҚО, Қызылорда және Қостанай облыстарында боран болып, тұман түседі.
БҚО, Атырау, Қарағанды және Маңғыстау облыстарында қарлы боран, көктайғақ және тұман күтіледі.
Алматы облысында жекелеген тұстарда тұман, жолдарда көктайғақ болады деп күтілуде.
Павлодар және Ақмола облыстарында қарлы боран болады.
Боран мен көктайғақ Абай облысында да болады.