Ол қызметінен өз еркімен кетті
ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің басшысы Теңізжан Жәнібеков өз еркімен жұмыстан шықты. Бұл туралы ІІМ мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы Теңізжан Жәнібеков қызметінен босатылды.
«Теңізжан Жәнібеков өз еркімен атқаратын қызметінен босатылып, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің қарамағына алынды», - деп түсіндірді ІІМ баспасөз қызметі.