17.01.2025, 18:49
Жаңалықтар
Роман Құрбанов пен Денис Зинов Универсиаданың екі дүркін жүлдегері атанды
Қазақстан құрамасының қоржынында 2 алтын, 4 күміс, 2 қола медаль бар
Фото: Ғылым және жоғары білім министрлігі
Қазақстандық спортшы Роман Құрбанов Универсиадада парашаңғы спортынан қола медальға ие болса, Денис Зинов күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Екі спортшы да 1400 метр қашықтықта сынға түсті.
«Спортшыларымызды Қазақстан еншісіне қосқан жарыстағы екінші медалімен шын жүректен құттықтап, алдағы жарыстарда жаңа жеңістер тілеймін!» - деп жазды ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек.
Осымен әзірге Қазақстан құрамасының қоржынында 2 алтын, 4 күміс, 2 қола медаль бар.
Айта кетейік, қос спортшы осыған дейін күміс пен қола медаль жеңіп алғаны хабарланған болатын.
Көп оқылған
02.11.2026, 13:43
Үш баласы мектепке бара алмай отыр: Алматыда көпбалалы әскери қызметкерді жұмысынан қуып жіберген
02.11.2026, 15:10
Каспий теңізіндегі трагедия: Бектенов Қорғаныс министрлігінің кемшіліктерін тізбектеп шықты
02.11.2026, 12:59
Атырауда бір топ ер адам экстремистік топ құрып, Конституция негіздерін күшпен өзгертпек болған (ВИДЕО)
02.11.2026, 16:21
«Соқырішегі жарылайын деп тұр»: Ақтауда дәрігер мен оған шабуыл жасаған ер адам оқиғаның қалай болғанын айтты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды