Шымкентте үш жасар бүлдіршін бесінші қабаттың терезесінен құлап кетті

Автор: Асыл Арман

Бала ауыр халде ауруханаға жатқызылды

Фото: istockphoto.com

Шымкентте үш жасар бүлдіршін бесінші қабаттың терезесінен құлап кеткені туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оқиға 16 қаңтар күні күндіз Шымкенттегі Асар шағын ауданында болған. Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламаға сәйкес, бала бесінші қабаттың терезесінен құлап кеткен.

«Үлкендердің қарауынсыз қалған үш жасар бала №13 үйдің бесінші қабатындағы №14 пәтердің терезесінен құлап кетті. Алдын ала мәлімет бойынша, ол терезенің жанында ойнап жүрген, соның салдарынан оқиға болды», - делінген хабарламада.

Бала ауыр халде аудандық ауруханаға жатқызылды.