Қызылордада балаларын дағдарыс орталығына тастап, қыдырып жүрген әйел адам сотты болды
Ол осы ісі жауапқа тартылды
Қызылордада әйел адам балаларын дағдарыс орталығына тастап, қыдырып кеткен. Осы ісі үшін көкек ана сотқа берілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Іс материалдарына сәйкес, әйел адам балаларына тиісті күтім мен көңіл бөлмей қыдырып кеткен, соның салдарынан әкімшілік құқық бұзушылық жауапкершілікке тартылды.
Белгілі болғандай, азамат Т-ның бұл бірінші әрекеті емес. Ол өткен жылы да осыған ұқсас құқық бұзушылық үшін жауапқа тартылған, алайда өз міндеттеріне салғырт қарап отырған.
«Сотта азамат Т., әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен келісіп, жасаған әрекетіне өкініш білдіріп, алдағы уақытта бұл әрекетті қайталамайтынын айтты», - деп хабарлады сотта.
Сот азамат Т.-ны Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 127-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп таныды. Әйелге 41 286 теңге айыппұл салынды.
Үкім заңды күшіне енді.