Іс қалалық сотта қаралып жатыр
Екібастұзда «жетім» санаты бойынша пәтер алып, оны притонға айналдырған адам баспанасынан айырылуы мүмкін. Бұл туралы Azattyq Rýhy агенттігі Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Қала басшылығы оның отбасына 20-шы шағын ауданнан пәтер бөлген. Алайда, көршілерінің айтуынша, үйдің негізгі иесі болған әйел адамның өзі көрінбей кеткен, ал балалары балалар үйіне жеткізілген.
Қазір әйел адаммен бірге тұрған ер адам пәтерді иеленіп қалды. Алайда, оның жеке қонақтары лифт пен кіреберісті дәретханаға айналдырған. Полиция бұл ақпаратты растады.
Әкімдіктің экономика және қаржы бөлімі проблемалы тұрғын үйді тексерді.
«2024 жылғы 26 желтоқсанда пәтерде бөтен адамдар болғаны анықталды. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес бұл тұлғаларға басқа баспана берілмей, шығару туралы хабарлама жіберілді», - деп түсіндірді қала әкімдігі.
Мемлекеттік мекеме үйдің негізгі иесі болған әйел адамды пәтер құқығынан айыру туралы сотқа арызданған.
Істі Екібастұз қалалық соты қарайды.