Облыстық полиция жедел- профилактикалық іс-шара өткізді
Атырау облысында 4 күннің ішінде 300-ге жуық әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Облыстық полиция департаменті 20-23 мамыр аралығында «Есеп» жедел- профилактикалық іс-шарасын өткізген. Іс-шараның мақсаты – ішкі істер органдарында профилактикалық есепте тұрған тұлғалар тарапынан жасалған құқық бұзушылықтарды анықтау, оның алдын-алу.
«Аталған іс-шара кезінде 300-ге жуық әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Құқық бұзушылардың арасында 30-ға жуығы отбасының тыныштығын бұзғандар. Ал, 38-і ішімдік ішіп, қоғамдық орындарда мас күйінде жүрсе, 20-дан астам азамат ұсақ бұзақылық жасаған», - деп жазылған хабарламада.