25.05.2020, 03:39
Жаңалықтар
Шетелден келгендер 2 тәулік стационарда жатады
Осы күндері олар зертханалық тексеруден өтеді
Фото: ашық дереккөзден
ҚР Бас мемлекеттік санитар дәрігер Айжан Есмағамбетованың бекіткен қаулысы бойынша, шетелден келгендер 2 тәулікке стационарға жатқызылады. Осы уақыт ішінде оларға коронавирустың белгілерін анықтайтын зертханалық тексеру жүргізіледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
«Егер ауру белгісі бар болса, провизорлық стационарға емдеуге жатқызылады. Ресми делегация өкілдері мен консулдық мекемелердің және халықаралық ұйым өкілдерінің қызметкерлері бұл талаптан босатылған. Ал бес күн ішінде COVID-19 жоқтығын растайтын анықтаманы алып, Қазақстанға келгендер 14 күн бойы өз үйінде оқшаулануы тиіс. Ондай мүмкіндігі жоқтар карантиндік стационарға жатқызылады», - деп жазылған қаулыда.
Көп оқылған
31.10.2026, 07:28
Қазақстанда 31 қазанда күн райы қандай болады?
31.10.2026, 08:26
«Өлген көгершіндерді лақтырады»: Алматыда тұрғындар қоқысты үйіне таситын қарт көршісінен әбден мезі болған
31.10.2026, 06:16
Семейде облыстық сот ғимаратының алдында ер адам өзін өртеп, көз жұмды
31.10.2026, 10:43
Алматыда тұрғын үй қабырғасына жазу жазған бойжеткен ұсталды (ВИДЕО)
31.10.2026, 21:24
Семейде ер адам өзін-өзі өртеп жіберген: іске қатысты тың деректер шықты
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды