Ақтау маңында болған ұшақ апаты: Көлік министрлігі мәлімдеме жасады

Автор: Асыл Арман

Оқиғаның себебін анықтау жөніндегі арнайы комиссияның жұмысы жүріп жатыр

Фото: Маңғыстау облысының әкімдігі

Көлік министрлігі Ақтау маңында болған ұшақ апатына байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Көлік министрлігінің мәліметінше, авиациялық оқиғаның себебін анықтау жөніндегі арнайы комиссияның жұмысы жүріп жатыр.

«Алдын ала есеп жарияланғанға дейін комиссия ресми дереккөзі жоқ ғаламторда жарияланған дерекке түсініктеме бермейді.

Естеріңізге сала кетейік, Комиссия ҚР заңнамасының талаптарына және ИКАО-ның 13-қосымшасының талаптарына сәйкес алдын ала есеп жариялайды. Онда тергеу барысы және тергеу нәтижесінде анықталған нақты ақпарат болады», - делінген министрлік мәлімдемесінде.