Астанада тұратын ҰОС ардагерлеріне 5 млн теңгеден берілетін болды

Автор: Мөлдір Қазыбай

Астанада қазір Ұлы Отан соғысына қатысқан 6 ардагер өмір сүріп жатыр

Фото: Қорғаныс министрлігі

Астанада Жеңістің 80 жылдығына орай Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне төленетін төлемақы мөлшері 2,5 есеге ұлғайды. Осылайша, астаналық ҰОС ардагерлерінің әрқайсысына 5 миллион теңгеден берілетін болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қазір елордада 6 ардагер тұрады.

Қала әкімдігінің мәліметінше, бұдан басқа, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілгендер (ЧАЭС қатысушылары мен мүгедектерінен басқа) (ҰОС кезеңінде қызмет өткерген әскери қызметшілер, фашистік Германияға қарсы іс-қимылдарға қатысқан адамдар, Ленинград қаласында блокада кезеңінде жұмыс істеген азаматтар, концлагерьлердің кәмелетке толмаған тұтқындары, әскери қызметшілер, жаралануы салдарынан мүгедектігі бар адамдарға, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі радиациялық апаттар, ядролық сынақтар салдарынан мүгедектігі белгіленген адамдарға, мүгедектігі ата-анасының бірінің радиациялық сәулеленуінен генетикалық жолмен берілген) – 45 АЕК (176 940 теңге) мөлшерінде.

«Өзге мемлекеттердің аумағындағы әскери қимылдардың ардагерлері (Ауғанстандағы әскери қимылдардың ардагерлерінен басқа) (тәжік-ауған секторында, Ирактағы халықаралық бітімгершілік операциясында тапсырмаларды орындаған әскери қызметшілер), Таулы Қарабақтағы ұлтаралық қақтығысты реттеуде) – 45 АЕК (176 940 теңге) .

«Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген өзге де тұлғаларға (тыл еңбеккерлері, қайтыс болған әскери қызметшілердің отбасылары, қайтыс болған Ұлы Отан соғысы ардагерінің жұбайы) – 15 АЕК (58 980 теңге) мөлшерінде», - делінген әкімдік хабарламасында.