$ 529.65  544.64  5.16
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Атырау облысында 800-ге жуық жасөспірім жүкті болып қалған

Статистикалық мәліметтер жарияланды

Атырау облысында 800-ге жуық жасөспірім жүкті болып қалған
Фото: istockphoto.com

Атырау облысында 2020-2024 жылдар аралығында 794 жасөспірім қыз жүкті болып қалған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Редакция сауалына берген жауабында Атырау облысының денсаулық сақтау басқармасы соңғы бес жылдағы 15-17 жас аралығындағы кәмелетке толмағандар арасындағы жүктіліктің тіркелген жағдайлары бойынша мәліметтер ұсынды:

  • 2020 жылы – 193;
  • 2021 жылы – 194;
  • 2022 жылы – 170;
  • 2023 жылы – 110;
  • 2024 жылы – 127.

«Олардың арасында босанғандар: 2020 жылы – 97, 2021 жылы – 105, 2022 жылы – 84, 2023 жылы – 63, 2024 жылы – 70. Оның ішінде жүктілік тоқтатылды: 2020 жылы – 8, 2021 жылы – 13, 2022 – 11, 2023 жылы – 5, 2024 жылы – 8», - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасынан.

Яғни, соңғы бес жылда 419 кәмелетке толмаған жасөспірім ана атанса, 45-і осы кезеңде жүктілігін тоқтатқан.

Ведомство ұсынған статистикалық мәліметтерге сәйкес, кәмелетке толмағандар арасындағы жүкті болу фактілері көбінесе Жылыой ауданы мен Атырау қаласында 17 жаста тіркеледі.

Серіктес жаңалықтары