14.01.2025, 17:33
Жаңалықтар
Мәдениет және ақпарат вице-министрі тағайындалды
Ол бүгінге дейін «Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі» РМҚК директорының орынбасары болған
Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі
Үкімет қаулысымен Айбек Сыдықов мәдениет және ақпарат вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ол 1983 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген.
- Еңбек жолын 2006 жылы «Алматы қаласы тарихы музейі» КМҚК-да экскурсия жүргізушісі болып бастаған.
- 2007-2015 жылдары – «Алматы қаласы тарихы музейі» КМҚК ғылыми қызметкері, директордың орынбасары, директоры.
- 2015-2016 жылдары – «Алматы қаласы музейлерінің бірлестігі» КМҚК директоры.
- 2016-2022 жылдары – «Мәдениеттерді жақындастыру орталығы мемлекеттік музейі» РМҚК мұражай бөлімінің басшысы, директордың орынбасары.
- 2022 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін — ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі» РМҚК директорының орынбасары.
Көп оқылған
25.10.2026, 08:54
Көкшетауда 93 жастағы ер адам мен 89 жастағы әйел құтқарылды (ВИДЕО)
25.10.2026, 06:37
Каспий теңізінен бір адамның денесі табылды
25.10.2026, 09:00
Егемендікке жол ашқан тарихи қадам: Республика күні мерекесінің ел өміріндегі маңызы қандай
25.10.2026, 15:10
26 қазан күні ауа райы қандай болады
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды