$ 536.76  630.85  6.45
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстанның оңтүстігіне қарлы боранды күндер келе жатыр – ауа райы болжамы

Синоптиктер Қазақстан бойынша ауа райы болжамын мәлім етті

Қазақстанның оңтүстігіне қарлы боранды күндер келе жатыр – ауа райы болжамы
Фото: istockphoto.com

«Қазгидромет» РМК алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Синоптиктер мәліметінше, Қазақстан аумағының басым бөлігіндегі ауа райын атмосфералық фронтальды бөлімдер айқындайтын болады. Бұл ауа райының тұрақсыз сипатына алып келеді, боран болып, қар жауады, елдің батысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі.

«Республиканың оңтүстік-шығысында антициклонның арқасында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша температуралық фон түнде батыста 0-8 аяздан елдің солтүстігі мен шығысында 10-25 аязға дейін, күндіз 5 аяздан-5 жылудан 2-10 аязға дейін, елдің оңтүстігінде түнде 1-13 аяз, күндіз 0-12 аязға дейін өзгереді.

ҚР бойынша жел күшейіп, тұман түседі күтіледі», - делінген синоптиктер болжамында.

Серіктес жаңалықтары