13.01.2025, 15:44
Жаңалықтар
«Қатты өкіндім»: Қайрат Нұртас жұртты ойландырып қойды (ВИДЕО)
Әнші жазбасын Instagram желісіндегі ресми парақшасында жариялады
Фото: Видеодан скриншот
Әнші Қайрат Нұртас желідегі жұмбақ жазбасымен жұртты еріксіз ойландырып қойды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Әнші жазбасын Instagram желісіндегі ресми парақшасында жариялады.
«Келмесе де өткен іске өкінгім, жасырмаймын,
Кейде қатты өкіндім.
Өкпелеткен жанның бәрін сол сәтте,
Жүрек тыныш болуы үшін кешірдім…», - деп жазды Қайрат Нұртас.
Әншінің жазбасына желі қолданушылары қолдау білдіріп, түрлі пікір қалдырды.
«Сен жүрген жолмен еңбекқор, өнерді жан-тәнімен сүйетін жан ғана жүре алады. Өнер жолы-ауыр жол», «Өкінгеннен пайда жоғын білемін», «Өкініш, қайғы, уайым, реніш адам баласына пайда емес, жазылмас дертке душар ететін зиянды нәрсе», - деп жазды желі қолданушылары.
Көп оқылған
06.10.2026, 09:05
Қазақстанда оба қай жылдары тарады: «қара індет» бүгінге дейін қанша адамның өмірін жалмады
06.10.2026, 16:24
Астанада Talan Towers қонақүйінің шатырынан заттар құлап, бірнеше көліктің быт-шытын шығарды (ВИДЕО)
06.10.2026, 21:27
Алматыдағы пәтерлердің бірінен ер адамның денесі табылды
06.10.2026, 22:44
Оба індеті: Ресей ДДСҰ-ға маңызды мәлімдеме жасады
06.10.2026, 20:21
Қайтадан қар жауып, үсік түседі: 7 қазанға ауа райы болжамы