БҚО-да 93 жастағы кейуананың есеп шығарғаны көпшілікті таң қалдырды (ВИДЕО)
Ол түлектердің 40 жылдық кездесуінде сабақ берген

Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы Маштесай ауылындағы түлектердің 40 жылдық кездесуінде математика пәнінің мұғалімі, жасы 93-тен асқан Нәбия Ғұбайдоллақызының есеп шығарғаны жұртты тәнті ентті,деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
40 жыл ұстаз болған ұстаздың жады ештеме ұмытпаған екен.
«Бұл - менің анам. Бұл - менің жұмағым. Тіл көзден аман болып, Алла қуат берсін. Осындай құрметтеті шәкірттері бар ұстаз бақытты ғой», - деп жазған ұстаздың қызы.
Желі қолданушылары әзіл-шыны аралас кейуанаға ізгі тілектерін жазған.
«Мен де ұстазбын, осылай қартаю - арманым. Апайдың есеп шығарғанын көріп, зейнетке 75 жаста шығады деп жүрмесін. Әжейдің жады тың екен. Осындай зейнеткер мұғалімді көру үлкен қуаныш», - деп жазған олар.