Ақтауда ер адам жыныс мүшесін шығарып, кішкентай қыздарға тиіскен: күдікті небәрі 40 күнге қамалуы мүмкін
Адам шошырлық оқиға өткен жылдың қазан айында болған
Ақтауда лифтке кірген ер адам жыныс мүшесін шығарып, қасында тұрған қыздардың интимді жерлерін ұстаған. Күдікті осы әрекеті үшін небәрі 40 күн қамауға алынуы мүмкін. Құқық қорғаушылар ер адамның лифтке бірге кірген қыз баланың кеудесін және басқа да ұятты жерлеріне қол жүгірткенін, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл туралы #НеМолчиKZ қорының негізін қалаушы Дина Таңсәрі өзінің Telegram каналында мәлімдеді. Оның айтуынша, адам шошырлық оқиға өткен жылдың қазан айында болған.
«Ақтауда жігіт лифтке кіріп, қыздардың көзінше жыныс мүшесін ашып, қасында тұрған қыздың кеудесіне және интимді жерлеріне қол жүгірткен. Кішкентай қыздар қатты қорқып, жылап жібереді. Бірақ олар қашып үлгерді. Бұл адамға қандай жаза тағайындалуы керек деп ойлайсыз? Оны небәрі бірнеше күнге ғана қамауға алуы және айыппұл төлеуі мүмкін», - деп жазды ол.
Белгілі болғандай, 31 желтоқсанда тергеу бұл істі қайта саралады. Құқық қорғаушылардың айтуынша, жігіттің қорғаушысы – облыстық тергеу басқармасының бұрынғы басшысы. Белсенділер қорғаушы бұл істі ҚР Қылмыстық кодексінің 124-бабының 1-бөлігінен ҚР Қылмыстық кодексінің 121-1-ге қайта саралауға қол жеткізді деп санайды.