$ 526.81  542.72  5.16
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматы облысында жеке клиника дәрігері пациентке шабуыл жасады

50 жастағы әйел стоматология қызметінің сапасына көңілі толмай, клиникаға шағымдануға барған

Алматы облысында жеке клиника дәрігері пациентке шабуыл жасады
Фото: видеодан скриншот

Алматы облысында жеке стоматология клиникасының дәрігері пациентке шабуыл жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Egov.press хабарлауынша, 50 жастағы әйел стоматология қызметінің сапасына көңілі толмай, клиникаға шағымдануға барған. Алайда ол жерде дәрігер пациентке шабуыл жасаған.

«Оқиғадан кейін зардап шегуші Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіне шағымданды. Министрлік тексеру жүргізіп, емдеу процесінде көптеген заңбұзушылық анықтаған», — делінген хабарламада.

Алматы облысы Іле аудандық полиция басқармасы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғады. Алайда біраз уақыт өткеннен кейін тергеуші істі күтпеген жерден тоқтатып, бұл шешімді аудандық прокуратура қолдаған. Зардап шеккен әйел тергеудің үстірт жүргізілгенін айтып, наразылық білдірді.

Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл жағдайға қатысты түсініктеме берді.

«Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, объективті және толық анықтау үшін қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Процессуалдық шешім барлық іс-шара аяқталғаннан кейін қабылданады», – делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары