Олар дереу ауруханаға жеткізілді
Семей қаласының Шығыс кентінде жүргізуші жаяу жүргіншілер өткелінде ана мен баланы қағып кетті. деп хабарлайды Azattyq Rýhy Abai News-ке сілтеме жасап.
«Оқиға құрылыс дүкенінің маңындағы жаяу жүргіншілер өткелінде болды. Жол-көлік оқиғасы кезінде зардап шеккен ана мен бала дереу ауруханаға жеткізілген», — делінген хабарламада.
Семей қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, зардап шеккендер медициналық тексеруден өтіп, үйлеріне қайтарылған. Полиция департаменті көлік жүргізушісінің әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын мәлімдеді.